Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16 бабының 3 тармағына сәйкес және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бекіткен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Алматы қаласы Спорт басқармасының «№ 3 Кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі — Кәсіпорын) 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.
Комплаенс-қызмет туралы бекітілген Ережеге сәйкес Кәсіпорында ақпараттандыру арналары құрылды, олар бойынша азаматтар Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың болуы немесе әлеуетті мүмкіндігі туралы ақпарат бере алады не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
Маңызды ақпарат!
Егер Сіз Кәсіпорын қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың куәгері болсаңыз, не Кәсіпорын қызметіне қатысты түрлі мәселелер бойынша делдалдық немесе басқа да заңсыз қызметтер үшін ақы төлеуді талап ететін адамдарға тап болсаңыз, мына байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
Жұмыс телефоны: + 7 (727) 293 60 34;
Электрондық пошта: kdyussh3@bk.ru
Ауызша және жазбаша өтініштер 09: 00-ден 18: 00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қарауға қабылданады. Электрондық байланыс арқылы ақпарат пен хабарламалар тәулік бойы қабылданады.
Алматы қаласы Спорт басқармасының «№ 3 БЖСМ» МКҚК –ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі.