Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы ақпарат жұмысы

2026 ж. 13 мамырда Алматы қаласында КБЖСМ №3 ұйымында Конституцияға енгізілетін өзгерістерге қатысты ақпарат бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты Ата Заңның қоғам өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары туралы, сондай-ақ заңнамалық өзгерістер бойынша түсінік беру болды.

Жиналыс барысында аға-жаттықтырушылар сұрақтарын қойып, белсенді пікір алмасты. Осындай кездесулер құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтық белсенділікті нығайтуға бағытталған.