
№3 Кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі
Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 2/147 қаулысымен «№ 7 БЖСМ» МКҚК мен «К. Байдулов атындағы № 18 МАБЖСМ» МКҚК-ны қосу жолымен Алматы қаласының «№ 3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» (бұдан әрі – № 3 КБЖСМ) МКҚК қайта ұйымдастырылды.
Мектепте спорттың 13 түрі дамытылады: шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы, биатлон, сноуборд, тау шаңғысы спорты, фристайл, конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, допты хоккей, керлинг.
Негізгі мақсаты:
1)оқушылардың денсаулығын нығайтуға және жан-жақты дене бітімін дамытуға бағытталған дене шынықтыру-сауықтыру және тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
2)спорттық резервті, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық құрама командаларға кандидаттарды даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектептерінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу.
Спорт секциясына қалай жазылуға болады?
Сіз электронды спорт сайты арқылы тегін оқуға өтініш бере аласыз. Сайттағы қосымша ақпарат: Meteor-almaty.e-orda.kz
Сіз тек Бос орындар болған жағдайда ғана бөлімге өтініш бере аласыз.
балалар мен жасөспірімдерге арналған
ТЕГІН
орындар саны шектеулі
















