Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 16-бабы 3-тармағына және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдарға сәйкес, Алматы қаласы Спорт басқармасының «№ 3 кешенді балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорын) 2023 жылдан бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі құрылды.
Комплаенс-қызметі туралы бекітілген Ережеге сәйкес, Кәсіпорында азаматтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуы немесе оның ықтимал мүмкіндігі туралы хабарлай алатын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізе алатын ақпараттандыру арналары құрылды.
Маңызды ақпарат!
Егер Сіз Кәсіпорын қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің куәгері болсаңыз немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына куә болсаңыз, не болмаса Кәсіпорын қызметіне қатысты түрлі мәселелер бойынша делдалдық үшін ақы талап ететін немесе басқа да заңсыз қызметтерді ұсынатын тұлғаларға тап болсаңыз, келесі байланыс арналары арқылы хабарлауыңызды сұраймыз:
-
Жұмыс телефоны: + 7 (727) 248 47 54
-
Электрондық пошта: kdyussh3@bk.ru
-
Ескерту: Ауызша және жазбаша өтініштер сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін (дүйсенбіден жұмаға дейін) қарауға қабылданады. Электрондық байланыс арқылы ақпараттар мен хабарламалар тәулік бойы қабылданады.
Жүктеп алуға арналған құжаттар:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КАРТОГРАММАСЫ

