2020 жылғы 23-24 желтоқсан аралығында Алматы қаласында шорт-тректен №3 КДЖСМ-нің «Олимпиадалық үміттер» ашық біріншілігі өтті. Оған 70 спортшы қатысты, 16 спортшы бұқаралық разрядтарды орындады.
2021 жылғы 10-14 ақпан аралығында Өскемен қаласында кіші жастағы ұлдар мен қыздар арасында (көпсайыстан) Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Елизавета Клочкова – қыздар арасында 2000 метрлік эстафетада 2-орын иеленді. 5 спортшы спорттық разрядтарды орындады.





