2021 жылғы 02-07 ақпан аралығында Орал қаласында допты хоккейден (бенди) ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.В. Комковтың Кубогы өтті. №3 КДЖСМ құрама командасы 17 спортшы құрамында қатысып, жалпыкомандалық 3-орынға ие болды.
2021 жылғы 14-18 ақпан аралығында Орал қаласында 2004 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында допты хоккейден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті. №5 КДЖСМ командасы тартысты бәсекеде 2-орынды иеленді.







