2026 жылғы 26 ақпанда К-95 шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Қазақстан Республикасы Чемпионатының бірінші күні аяқталды. Жарысқа Алматы облысынан, Шығыс Қазақстан облысынан және Алматы қаласынан 34 спортшы қатысты.
Бірінші күннің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
Әйелдер:
🥇 1 орын – Рулева Виктория (ШҚО)
🥈 2 орын – Горунова Анастасия (Алматы)
🥉 3 орын – Свириденко Алена (ШҚО)
Ерлер:
🥇 1 орын – Ткаченко Сергей (ШҚО)
🥈 2 орын – Васильев Данил (Алматы)
🥉 3 орын – Девяткин Никита (Алматы)
27 ақпан 2026 жарыстың басталуы 17:00. Жарыс қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтеді.




