Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан Республикасының Чемпионаты өз мәресіне жетті!
Ағымдағы жылдың 7-18 қазан аралығында Алматыдағы халықаралық «Сұңқар» трамплин кешенінде шаңғымен тұғырдан секіруден жастар мен ересектер арасында Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтті.
Жарысқа Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы және Алматы қаласынан 50-ге жуық спортшы қатысты.
Спортшыларымыздың қоржынында 9 медаль, оның ішінде 5 алтын, 2 күміс, 2 қола!
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🥇🥈 Воробьева Марина
1-орын — К-60м
2-орын — HS-100м
🥇 Филоненко Александр
1-орын — К-95м
🥇🥈 Марат Айша
1-орын — HS-100м
2-орын — К-60м
🥇 Мирошниченко Руфина
1-орын — К-60м
🥇 Дремченко Алексей
1-орын — К-95м
🥉 Шишкина Таисия
3-орын — HS-100м
🥉 Қабдулла Керейхан
3-орын — К-95м
Спортшыларымызды шын жүректен құттықтаймыз!




