Шорт-трек: 2000 м эстафетада 3-орын

2026 жылғы 6-9 қазан аралығында Қостанай қаласында жекелеген қашықтықтарда шорт-тректен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Біздің қыздар 2000 метрлік эстафетада 3 орынға ие болып, керемет командалық жұмыс, жылдамдық пен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті! 🥉

Команда құрамы:
• Хажикен Я.
• Маликбай А.
• Амангелді Ә.
• Сейдулла Ш.

Біз спортшыларымызды мақтан тұтамыз және оларға мұз айдынында жаңа жарқын жеңістер тілейміз!